Доллар мен рубльдің бүгінгі бағамы белгіленді

Атап айтқанда, 1 доллар құны – 459,92 теңге, Ресей рублінің орташа сараланған бағамы — 6,57 теңге.

2 ақпан кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 1,14 теңгеге төмендеп, 459,66 теңге болған.

Kurs.kz мәліметі бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 460-463 теңгеден сатылып жатыр.

Ал Алматыда доллар 458-462 теңге аралығында құбылып тұр.

Дәл қазіргі уақытта Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей валютасын 6,35-6,6 теңгеге сатып алуға болады.