Астана әкімі: LRT құрылысы келесі жылы аяқталады

Жеңіс Қасымбектің сөзінше, жерүсті метрополитенінің құрылысын аяқтау жұмысы былтыр басталған. Енді қалған барлық шаруа келер жылдың соңында аяқталады.

Былтыр үкімет алғашқы қаржыны берді. Биыл бұл нысан құрылысы белсенді жүреді. Қазір жұмысты пысықтап, техника бойынша, осы LRT-да жұмыс істейтін пойыздар бойынша аванстық төлемдер жүріп жатыр. Жоба 2023-2024 жыл ішінде жүзеге асырылып, келесі жылдың соңына дейін іске қосылуға тиіс деп жоспарланған, — деді шаһар басшысы Жеңіс Қасымбек.

Еске салайық, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астана әкімдігіне LRT құрылысын тездетіп аяқтауды тапсырды.