Ninety One тобы жайлы фильм түсіреміз — Асқар Ұзабаев

Cұхбат барысында режиссердің өзі журналистерге «Ninety One тобының тыңдармандары көп пе?» деген сауал қойды.

«Біз Ninety One тобы жайлы фильм түсіреміз. Қазір сценарий жазылуда. Олар жайлы көбірек білгісі келетін адамдар, тыңдармандары аталмыш картинаға бара алады. Ол алдағы күз айларында жарыққа шығады»,- дейді режиссер.

Асқар Ұзабаевтың айтуы бойынша туынды деректі фильм емес. Қазіргі уақытта жігіттердің топқа қалай келгендігі жайлы өз ауызынан естілген сөздердің негізінде сценарий құрылуда. Gakku арнасының ақпараты бойынша, олар аталмыш фильмнің түсіріліміне бір ай көлемінде кіріседі.

ДереккөзGakku.kz