Баспасөз қызметінің мәліметінше, азаматтық авиация комитеті халықаралық қатынасты одан әрі жаңғыртып, ашу жөніндегі жұмыс шеңберінде Ресей Федерациясының авиациялық билік орындарымен бірлесіп, Астана – Челябинск бағыты бойынша тұрақты тікелей рейстерді ашу мәселесін қарастырды.
Бұл қолға алынған жұмыстың нәтижесінде қазақстандық Qazaq Air әуе компаниясы биыл 13 ақпаннан бастап De-Havilland Dash 8-Q400 ұшағымен аптасына жиілігі 3 рейспен жалғасатын Астана – Челябинск маршрутымен тұрақты жолаушылар рейстерін іске асыруды жоспарлап отыр, — делінген хабарламада.
Айта кетейік, кеше Астана мен Бейжің арасында тікелей әуе рейстері қайта ашылғанын хабарлаған болатынбыз.