ОСК жаңадан тағайындалған сенаторларды тіркеді

Орталық сайлау комиссиясы тіркеген сәттен бастап сіздердің ҚР сенаты депутаты ретіндегі өкілетіңіз басталды. Сіздер еліміздің заң шығару билігін жүзеге асыратын ең жоғары өкілді органы ҚР парламенті депутаттары болдыңыздар. Сонымен қатар 19 наурызға тағайындалған кезектен тыс мәжіліс және мәслихаттары депутаттары сайлауына байланысты жаңа құрам сайланғанға дейін сіздер сенат депутаттары ретінде Конституциялық заңдарды қабылдау бойынша міндеттерді орындайсыздар. Сіздерге сәттілік тілеймін, – деді орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров.

Ресми тіркелген сенат депутаттарына куәлік пен төлбелгі табысталды.

Айта кетейік, кеше мемлекет басшысы сенаттың 13 депутатының өкілетін мерзімінен бұрын тоқтатқан еді.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сенат депутаттарын тағайындау туралы жарлыққа қол қойды.