Мемлекет басшысы жаңа сенаторларды тағайындады

Қазақстан Республикасы Конституциясының 50-бабының 2-тармағына сәйкес қаулы етемін:

1. Қазақстан Республикасы парламенті сенатының депутаттары болып:

  • Жақып Қажманұлы Асанов;
  • Мәулен Сағатханұлы Әшімбаев;
  • Нұртөре Байтілесұлы Жүсіп;
  • Ләззат Молдабекқызы Қалтаева;
  • Асқар Оразалыұлы Шәкіров тағайындалсын, — делінген жарлықта.

Сонымен қатар президент жарлығымен Қазақстан халқы ассамблеясынан сенат депутаттары тағайындалды:

  • Болгерт Евгений Андреевич;
  • Кузиев Закиржан Пірмұхамедұлы;
  • Ниязова Нурия Исмагиловна;
  • Сатвалдиев Әлішер Ғапыржанұлы;
  • Шиповских Геннадий Геннадьевич.

Жарлық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.