АҚШ елшісі: Қазақстанда журналистерге шабуыл жасалғанына алаңдаймыз

Журналистерге жасалған шабуылдарға алаңдаймыз. Журналистерге қолдау білдіреміз. Әр оқиға толық тергеліп, құқықбұзушылыққа кінәлі адамдар жауапқа тартылуы керек. Осы орайда президент Тоқаевтың толық тергеу жасау қажет деген бүгінгі мәлімдемесін құптаймыз, — деді елші БАҚ өкілдеріне арналған брифингіде.

Ол қоғамы ашық әрі белсенді, үкімет халық алдында есеп беретін жаңа Қазақстанды құрарда сөз бостандығы мен еркін БАҚ-тың алар орны зор екенін айтып өтті.

Біз Қазақстанның осы мақсаттарға жетердегі күш-жігерін қолдаймыз, — деді Дэниел Розенблюм.

Еске салайық, бұған дейін мемлекет басшысы журналистерге қарсы бағытталған бірқатар қылмыс бойынша тергеуді мұқият жүргізуді тапсырған болатын.

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «ҚР әкімшілік құқық бұзу туралы кодексіне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» ҚР заңының жобасына реттеушілік саясаттың консультативтік құжатын әзірледі.

Кодекске журналистің заңды кәсіби қызметіне кедергі жасағаны үшін жауапкершілікті күшейту нормасы енгізіледі.