Тоқаев журналистерге қарсы жасалған қылмыстарды мұқият тергеуді тапсырды

Бұл туралы президент әкімшілігі басшысының орынбасары – президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Facebook-те жазды.

Президент құқық қорғау органдарына журналистерге қарсы бағытталған бірқатар қылмыс бойынша мұқият тергеу жүргізуді тапсырды. Қоғамдық қауіпсіздік пен мемлекеттің беделіне нұқсан келтіру үшін жасалған бұл заңсыз әрекеттердің орындаушылары ғана емес, тапсырыс берушілері де анықталуға тиіс, — деп жазды Руслан Желдібай.