Алматыда көпқабатты автотұрақтардың құрылысы қашан басталады?

Кездесу барысынды бұл сұрақты аудан тұрғындарының бірі көтерді. Ол базар маңындағы көлік тұрағы қиын екенін айтып, көпқабатты автотұрақ салуды ұсынды.

Сіз мәселені дұрыс көтердіңіз. Қаланың айналасына көпқабатты автотұрақтарды енгіземіз. Автотұрақтан түскен қаржы жергілікті бюджетке түседі. Биыл бағдарламаны қолға алып жатырмыз, орындар іздеу жұмыстары басталды. Ал базарларға келсек, «Алматы автотұрағы» орындарды берді. Жобаны жүзеге асыру мүмкіндіктерін қарастырамыз, — деп жауап берді Ерболат Досаев.