28 ақпанға арналған ауа райы болжамы

Ақмола, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, аздап боран соғады, жел жылдамдығы 15-20 м/с дейін жетеді.

Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей аймақтарында тұман, аздап боран соғып, жел 15-20 м/с дейін күшейеді.

Павлодар облысында көктайғақ, аздап боран соғып, жел жылдамдығы 15-20 м/с дейін күшейеді.

Қарағанды облысының бірқатар аумақтарында тұман, жаяу бұрқасын жүріп, жел жылдамдығы 15-20 м/с дейін күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман болады, жел күші 15-20 м/с дейін артады.

Алматы облысында 17-22 м/с жылдамдықпен жел соғып, Жалаңашкөл ауданында екпіні 28 м/с дейін жетеді.

Жамбыл, Қызылорда, түнде Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман басады.

Атырау, күндіз Ақтөбе облыстарының кей аймақтарында тұман, көктайғақ болады деп болжанып отыр.

 

ДереккөзBaq.kz

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да