McDonald’s орнына «Вкусно и Точка» келуі мүмкін

Бұл туралы әділет министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Сарапшылық ұйым «Система ПБО» жауапкершілігі шектеулі қоғамдығы атынан түскен «Вкусно — и точка» тауар белгісін тіркеуге қатысты өтінішті қарап жатыр, — делінген хабарламада.

Кazpatent.kz сайтында «Вкусно — и точка» тауар белгілерін тіркеуге берілген 12 өтініш жарияланған.

Айта кетейік, McDonald’s-тың жабылу тарихы 2022 жылдың 18 қарашасында басталды. Содан кейін Қазақстандағы McDonald’s жергілікті жеткізілімдердегі шектеулерге байланысты өзінің барлық мейрамханаларының жұмысын уақытша тоқтатты.