Қар, аяз, тұман: алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Синоптиктердің мәліметінше, солтүстік-батыс антициклонының әсерінен елдің бүкіл аумағында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Тек Қазақстанның шығысында, солтүстік-шығысында қар мен боран болады. Отырықшы антициклон және арктикалық ауа массалары температура фонында күрт өзгерістер тудырмайды: аяз әлі де сақталады, — делінген хабарламада.