«Алтын орда» базарының бұрынғы басшыларына іздеу жарияланды

Күдіктілерді Алматы облысы Қарасай ауданының криминалдық полиция бөлімі іздеп жатыр.

1982 жылы туған Данияр Әпдіғапаровқа, 1982 жылы туған Жұмадин Патовқа, 1984 жылы туған Қанат Жақаевқа, сонымен қатар 1986 жылы туған Айдос Нұрқалиевқа ҚР қылмыстық кодексiнің 190-бабы бойынша халықаралық іздеу жарияланды.

Қазіргі уақытта жоғарыда аталған тұлғаларды ұстап, Қарасай ауданының уақытша ұстау изоляторына орналастыру бойынша жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр. Нәтижелері кейінірек хабарланады, — делінген хабарламада.