Бірқатар өңірде оқушылар қашықтан оқуға ауыстырылды

Семейде бірінші ауысымдағы 1-9-класс оқушыларының сабағы қашықтан оқыту форматына көшірілді.

Екібастұз қалалық білім бөлімінің мәліметінше, қала мектептерінде оқу қашықтан жүргізіледі.

Шығыс Қазақстан облысының Күршім ауданында ауа температурасы минус 31 градусқа дейін төмендеп, Үрімхай және Шанағата мектептерінде 0-4-класс оқушылары қашықтан оқытуға көшеді.