15 қаңтарда Қазақстанның үш өңірінде қатты аяз болуы мүмкін

«Республикамыздың шығысында, солтүстігінде, орталығында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты қар жауып, жаяу бұрқасын жүреді. Республикамыздың оңтүстігінде тұман тіркеледі», — делінген хабарламада.

Түнде Жетісу облысының солтүстігінде,  таулы аудандарында сынап бағаны 31-36 градусқа дейін төмендеп, қатты аяз болады. Сонымен қатар Алматы, Жамбыл облыстарында да сынап бағаны 30-32 градусқа дейін төмендеп, аяз күшіне мінеді.