Мұз ойылып, көлігімен бірге Алакөлге түсіп кеткен адамның денесі табылды

«13 қаңтада сағат 15:10 шамасында қасында жолаушысы бар НИВА маркалы көліктің жүргізушісі қатқан Алакөл үстімен жүріп өткен. Сол кезде мұз жарылып, көлік суға кеткен. Көліктегі жолаушы сыртқа шығып үлгерген. Ал жүргізуші көлік салонынан шыға алмай, суға батып кетті», — делінген төтенше жағдайлар департаменті хабарламасында.

14 қаңтарда сағат 11-де Абай облысының құтқарушылары суға батқан адамның денесін 28 метр тереңдіктен алып шықты. Құтқару жұмысына төтенше жағдайлар министрлігінің Абай облысындағы 4 қызметкері, 1 техникасы, жергілікті атқарушы органның 25 адамы мен 6 техникасы тартылған.