«Завод» — Salem social көрерменге жаңа уеб-сериал ұсынды

Уеб-сериал Бексұлтан Пилал, Рүстем Омаров, Илхан Ысхақбаев, Аслан Канада және Қанатбек Мерген бірлесіп жазған сценарий негізінде түсірілген. Режиссер Ханзат Кеңес үшін бұл — дебюттық жоба.

Сериалда өмірде ешнәрседен бас тартып көрмеген Олжас есімді кейіпкер жайлы баяндалады. Ата-анасының ақшасына алаңсыз өмір сүріп, заңды көп рет бұзғаны үшін оны әкесі жазаламақ болады. Осылайша бас кейіпкер Павлодар зауытына қарапайым жұмысшы ретінде жіберіледі. Енді Олжас қатардағы зауыт қызметкері болып, мүлде басқаша өмір сүруі керек. 

Туындыда әлемге әйгілі музыкант Иманбек Зейкенов дебюттық рөлін сомдап шықты. Сонымен қатар актерлік құрамда Қобыланды Болат, Аружан Жазылбекова, Айдар Кәрімбаев, Хакім Мукарам, Ілияс Көпжасаров та бар.