Басты бет / Жаңалықтар /
8a1331159a7e286bcbc456001dd9c900 Ең ауқымды домбыра сабағы Гиннесс рекордтар кітабына енді
Фото: НЗМ

Ең ауқымды домбыра сабағы Гиннесс рекордтар кітабына енді

Онлайн рекордты тіркеу туралы ақпарат Гиннесс рекордтар кітабының ресми сайтында жарияланды.

NIS-тегі домбыра сабағы – бір мектептің мыңға жуық оқушысы ұлттық музыкалық аспапты жетік меңгеріп, бірге күй орындаған әлемдегі тұңғыш оқиға. Ең ауқымды домбыра сабағына қосымша білім беру педагогі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Айтжан Тоқтаған дирижерлік етті.

8a1331159a7e286bcbc456001dd9c900 Ең ауқымды домбыра сабағы Гиннесс рекордтар кітабына енді
Фото: nis.edu.kz

Гиннесс рекордтар кітабының талаптары бойынша ауқымды сабақты 25-тен астам стюард пен 2 куәгер қадағалаған. Тәуелсіз стюардтар 50 қатысушыдан жиналған белгілі бір топты бақылады. Куәгерлер GWR-дің сенімді өкілі ретінде қызмет атқарып, рекордтың орнауы мен кітаптың барлық критерийінің толық сақталуын қамтамасыз етті.

Мақала туралы ойыңыз?

Facebook парақшамызға жазылыңыз

Facebook