Елордалық білім басқармасы 12 қаңтар күні ауа температурасының төмендігінен екінші ауысымның 0-9 класс оқушылары онлайн оқыту форматына ауыстырылғанын мәлімдеді.
Сол сияқты, Семейде да бүгін ауа райының қолайсыздығына байланысты 2 ауысымда оқитын 1-9 класс оқушылары сабақты үйлерінен оқиды.
Айта кетейік, бұған дейін 12-13 қаңтар күндері Алматыда мектеп оқушылары мен колледж студенттері онлайн оқитынын жазған болатынбыз.
