Азиада: Жеңімпаздар қанша сыйақы алады?

Алтын медальдың алтауы биатлоншылардан түсті. Оның үшеуін Галина Вишневская, екеуін Ян Савицкий, біреуін топтық эстафетадан қатысқан құрамамыз алды. Жетінші алтынды шаңғышы Ринат Мухин, сегізіншіні фристайлшы Юлия Галышева, тоғызыншы алтынды ұлттық хоккей құрамасы алды. Құрамада 22 адам бар. Барлығы 33 адам алтын медальды алуға ат салысты. Демек, әр адамға 10 мың доллардан сыйақы ұсынылса, барлығы 330 мың доллар немесе 102 млн 791 мың 700 теңге «алтындарға» беріледі.

Ал 11 күмісті қоржынымызға салған адамдарға (Елена Коломина 2 рет, шаңғы жарысында біреу, коньки жарысында біреу, биатлонда үшеу, фристайлда біреу, шаңғы эстафетасындағы төрттік, биатлон эстафетасының ерлер құрамасы мен трамплиннен секіру) барлығы 20 жеке жүлде тағайындалады. Әр адамға 5 мың доллардан берілетінін ескерсек, оларға барлығы 10 мың доллар немесе 31 млн 149 мың теңге бөлінеді.

Қола жүлдегерлер саны — 12. Оған қатысқан командалар құрамасын санағанда — 39 адам. Олардың әрқайсысына 3 мың доллардан беріледі. Барлығы 36 млн 444 мың 330 теңге.

Жалпы алғанда Азиада жеңімпаздарына 170 млн 385 мың 30 теңге сыйақы ретінде бөлінеді. Оның ішінде Галина Вишневская 4 алтын медаль үшін 12 млн 459 мың 600 теңге, Ян Савицкий 3 алтын, 1 күміс медаль үшін 10 млн 902 мың 150 теңге алады.

ДереккөзSports.kz