Конституциялық сот тұңғыш президент туралы заңның күшін жойды

Қаулыда сот «Қазақстан халқының 2022 жылғы 5 маусымдағы республикалық референдумда жарияланған еркіне» негізделгені айтылған.

Айта кетері, бұған дейін заң бойынша Қазақстанның тұңғыш президентіне бірқатар артықшылық берілген болатын.

Заң Нұрсұлтан Назарбаевқа халыққа үндеу, парламент алдында және үкімет отырыстарында сөз сөйлеу құқығын берген еді.

Еске салсақ, Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанды 30 жыл басқарғаннан кейін 2019 жылдың 20 наурызында өкілетін тапсырды.