Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

ТЖМ: Республикалық маңызы бар 26 жол жабық

Фото: Теміртау ТЖБ

Бұл туралы төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ауа райының нашарлауына (боран, нашар көріну, көктайғақ) және жол тазартуға байланысты автожолдардың 61 учаскесі жабылды, оның 26-сы республикалық маңызы бар, — делінген хабарламада.

Қар құрсауында қалған көліктер:

  • Астана-Щучинск тасжолында 8 жүк көлігі;
  • Ақтөбе облысындағы Ақтөбе-Қарабұтақ автожолында 30 техника;
  • Абай облысында Қалбатау ауылынан шығар жерде – 46;
  • Көкпекті – Қалбатау аралығындағы тасжолда — 39 автомобиль тұр;
  • Павлодар облысындағы Шідерті – Қарағанды автожолында 20 автокөлік қар құрсауында қалған.

Ел бойынша барлығы 143 бірлік техника жолдардың ашылуын күтіп тұр. Кейінгі тәулікте республикалық жолдарда құтқарушылар 37 адамды, оның ішінде 9 баланы эвакуациялады.

Мақалаға реакция