Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ болады. Жел оңтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, батысында екпіні секундына 15-20 метр.
Түркістан облысының тауларында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың солтүстігінде және таулы аудандарында бұрқасын күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарда тұман, көктайғақ күтіледі.
Шымкентте көктайғақ болады.
Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен соғады, таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында соққан желдің күші секундына 15-20 метрге жетеді.
Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында қатты қар. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман, көктайғақ болжанады. Оңтүстік-батыстан жел соғады түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында 15-20, екпіні секундына 25 метр.
Алматыда қалың қар жауады. Кей уақытта тұман, көктайғақ болады.
Шығыс Қазақстан облысында жауын-шашын (көбінесе қар), күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында қатты қар күтіледі. Облыстың басым бөлігінде бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан 15-20, екпіні секундына 23-28 метр жел соғады.
Абай облысында жауын-шашын (көбінесе қар), бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан 15-20, екпіні секундына 23-28 метр жел соғады.
Ақтөбе облысының солтүстігінде қатты қар күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде көктайғақ, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20, күндіз облыстың орталығында, шығысында секундына 23 метр.
Жетісу облысының таулы аудандарында қалың қар жауады.
Ақмола облысының басым бөлігінде бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың басым бөлігінде 15-20, облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында екпіні секундына 23-28 метр, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында 15-20, екпіні секундына 23 метр күтіледі.
Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні облыстың орталығында секундына 15-20 метрге жетеді.
Қарағанды облысының басым бөлігінде бұрқасын күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, кей уақытта екпіні секундына 23-28 метр күтіледі.
Астанада жаяу бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады түнде кей уақыттарда секундына 15-20 метр, күндіз екпіні секундына 15-20 метр.
Атырау облысының солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында секундына 15-20 метр.
Ұлытау облысының түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың басым бөлігінде бұрқасын соғады. Күндіз облыстың оңтүстігінде, орталығында көктайғақ күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, кей уақытта екпіні секундына 23-28 метрге жетеді.
Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде қар күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстік-батысында, солтүстігінде бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, түнде облыстың басым бөлігінде күші 15-20, екпіні секундына 23-28 метр, күндіз облыстың шығысында екпіні секундына 15-20 метр.
Павлодар облысының басым бөлігінде бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні секундына 23-28 метрге жетеді.