25 қараша — Алаш зиялысы, ақын, прозашы, аудармашы, драмашы, публицист Міржақып Дулатұлының туған күні. Ол 1885 жылы Торғай облысында туып, 1935 жылы абақтыда аурудан қайтыс болған. Назарларыңызға Алаш зиялының өмірбаяны мен шығармашылығы, қайраткерлігі туралы тест ұсынамыз.
Міржақып Дулатұлының қызының аты кім?
Міржақып Дулатұлы мен Ғайнижамал Баймұратқызынан Гүлнар деген қыз қалған. Гүлнар Дулатова 1939 жылы Алматы мемлекеттік медицина институтын бітіргеннен кейін 48 жыл бойы дәрігер-дерматолог болып істеген. Алаш арыстарының ақталуына ұйытқы болған. Алғаш болып сталиндік репрессия құрбандарын саяси ақтау комитетіне Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлы, Жүсіпбек Аймауыт және т.б. қоғам қайраткерлеріне қатысты материалдар жолдаған. 2013 жылы 98 жасында қайтыс болған.
Бөлісе отырыңыз:
