Алматы облысының әкімдігі бұрынғы казино ғимаратына көшті

Алматы облысының әкімдігі Индустриальная көшесі, 16/4 мекенжайында орналасқан әкімшілік ғимаратқа көшті. Ғимараттың жалпы ауданы – 11 891,8 шаршы метр. Бұл ғимаратта бұрын казино болған. Ол жер ұзақ уақыт бос тұрды, — деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметінен.

Сонымен қатар ғимаратта әкім аппаратынан бөлек Алматы облысының мемлекеттік қызмет көрсететін бірқатар басқармасы орналасты.

Алматы облыстық әкімдігінің мәліметінше, ғимаратты жалға алу және сатып алу құны нарықтағы бағадан төмен. Алдағы уақытта оны сатып алу көзделіп отыр.