Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Cиноптиктер 12 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасады

Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz
«Қазгидромет» РМК синоптиктері Қазақстан аймақтарында 25 қарашада болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады.

Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстан Республикасы аумағының басым бөлігі ауқымды антициклонның ықпалында болғандықтан, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Республика бойынша, желдің күшейуі, түнгі және таңғы уақыттарда тұман күтіледі.

Астана қаласында күн жауын-шашынсыз, көшпелі бұлтты. Желдің екпіні секундына 2-7 метрге барады. Ауа температурасы күндіз -4°C дейін аяз болады.

Алматы қаласында көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз күн райы күтіледі. Қалада ауа температурасы күндіз +9°C дейін жылынады. Таулы аудандарда тұман күтіледі.

Шымкент қаласында аздаған жауын-шашын (негізінен жаңбыр) түседі. Ауа температурасы күндіз 14°C дейін жылынады. Қатты жел соғады деп болжанды. Кей жерлерде желдің екпіні 23 м/с дейін жетуі мүмкін.

Бұдан бөлек, алты облыста, атап айтқанда Жамбыл, Атырау, Ұлытау, Қызылорда, Қарағанды, Абай облыстарында қатты жел соғуы ықтимал.

Мақалаға реакция