Қазақстан мен БАӘ арасындағы рейстер саны артады

Азаматтық авиация комитетінің мәліметінше, 2022 жылы 29 желтоқсаннан бастап 2023 жылғы 14 қаңтарға дейін Fly Dubai әуекомпаниясы Астана — Дубай және Алматы — Дубай бағыттары бойынша қосымша 10 рейсті орындауды жоспарлап отыр.

Рейстер Б-737 типті әуекемелерінде орындалатын болады.

Рейстер санының артуы ҚР мен БАӘ арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал ететінін атап өту маңызды.