«Жолаушылар тасымалы» филиалының басшысы пара алды деген күдікпен ұсталды

Акционерлік қоғам филиалының директоры 2020 жылғы қыркүйек пен осы жылдың желтоқсаны аралығында жолаушылар вагондарын жөндеу бойынша қызмет көрсетушінің пайдасына жасаған әрекеттері мен жалпы қамқорлығы үшін жүйелі негізде ақшалай қаражат алды деген күдікке ілінді, — делінген хабарламада.

Ведомсство өкілдерінің хабарлауынша, алынған пара сомасы 11 миллион теңгеден асады.

20 желтоқсан күні күдікті ұсталып, соттың санкциясымен қамауға алынды.