Танымал вайнерлерге қатысты қылмыстық іс сотқа жолданды

Алматы прокуратурасы ұйымдасқан қылмыстық топ құрамында қаржы (инвестициялық) пирамидасын құру және оны басқару дерегі бойынша Алмалы аудандық сотына А.Құрманғалиев, Р.Бурканов, Д.Рахимова, Д.Ча, А.Рүстемов, Т.Касенов, С.Касенов, Н.Сұлтанбаев, М.Шерниязов, М.Төребаев, Б.Жармұхамед, Ерлан және Ержан Мансуровтарды айыптау бойынша қылмыстық істі сотқа жолдады.

Іс фигуранттары А.Ораз бен А.Саидбаевқа халықаралық іздеу жарияланды. Қылмыстық іс аясында 41 жылжымайтын мүлікке, 3 автокөлікке, 9 банк шотына және 16 компанияның жарғылық капиталындағы түрлі үлеске тыйым салынды. Іс бойынша айыптауды процестік прокурор қолдайды, — делінген хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін танымал қазақстандық вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязовты қамауға алу мерзімі ұзарғанын хабарлаған едік.