Сенат депутаттығына 130 кандидат ұсынылды

2022 жылдың 29 қарашасы мен 14 желтоқсаны аралығында парламент сенаты депутаттыңына 130 кандидат ұсынылды. Осылайша, бәсекелестік 1 депутат орнына 6 адамнан астамды құрайды. Өңірлер арасында Абай, Батыс Қазақстан, Қызылорда облыстарында ұсынылған канидаттардың саны басым – 8 адамнан, Астана мен Алматыда – 10 адамнан. Ең аз үміткер Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Алматы, Жамбыл, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарында ұсынылды – 5 адамнан. Шымкентте бір орынға 6 кандидат үміткер, — деді Петров орталық сайлау комиссиясының отырысында.

Оның дерегінше, кандидаттардың орташа жасы — 50,5 жас. Ең жас кандидат Ақтөбе облысында – 30 жас. Ал ең жасы үлкені Батыс Қазақстан облысында – 74 жаста. кандидаттардың 25%, яғни 130 адамның 33-і — әйел.

Қазіргі уақытта кандидаттарды тіркеу процесі жүріп жатыр. Ол 24 желтоқсанға дейін жалғасады. Бүгінге дейін сайлау комиссиялары 49 кандидатты тіркеді. Бәсекелестік барлық өңірде бар. Сенат депутаттығына кандидаттарды тіркеу қорытындысы күнтізбелік жоспарға сәйкес жеке отырысымызда қаралады. Тіркеу кезеңі 24 желтоқсан күні жергілікті уақыт бойынша сағат 18:00-де аяқталады, — деді Константин Петров.