Полиция мәліметінше, қазір қаладағы жолдарда 5 мыңнан аса фото және бейнебақылау камералары бар.
2022 жылдың қаңтары мен қазаны аралығында «Сергек» аппараттық — бағдарламалық кешендерімен ҚР жол қозғалысы ережелерін бұзудың миллионға жуық (дәлірек айтсақ 939 029) дерегі тіркелген. Олардың ең жиі кездесетіні:
- жол қиылыстарынан өту қағидаларын бұзу немесе жолдың жүру бөлiгiн кесiп өту — 543 142 бұзушылық;
- жылдамдықты арттыру — 394 723 бұзушылықтар;
- бағдаршамның тыйым салынған сигналына өту — 1164 бұзушылық.
«Сергек» камералары көлік құралдарын тоқтату немесе тұраққа қою ережелерін бұзуды да тіркейді. Алайда қанша бұзушылық тіркелгені туралы айтылмаған.
Айта кетейік, «Сергек» аппараттық-бағдарламалық кешендері Алматы аумағында 2019 жылдың сәуірінен бастап жұмыс істейді.
