Көлік жүргізу үшін ең қауіпті жас мөлшері қандай?

АҚШ ғалымдары 19-59 жас аралығындағы 100 еріктіге зерттеу жүргізді. Онда еріктілер өз көліктерін жүргізіп отырған, ал ғалымдар белгілі бір жағдайлар кезінде олардың ағзаларының реакциясын бақылап отырған.

Зерттеу кезінде мамандар күйзеліске қарсы тұру, қырағылық, күрделі жол оқиғалары кезінде жылдам шешім қабылдау секілді қасиеттерінің көрсеткіштерін бағалаған. Сондай-ақ, ғалымдар жүргізушілердің мінез-құлқын бақылау үшін олардың көлік жүргізіп келе жатып, әрдайым SMS жазуларын, телефон қоңырауларына жауап берулерін сұраған.

Нәтижесінде егде жастағы жүргізушілердің жастармен салыстырғанда жол-көлік апатына ұшырау қаупі жоғары деңгейде болатынын анықтады. Себебі, 45-59 жас аралығындағы зерттеуге қатысқан еріктілер жылдам шешім қабылдау тұрғысынан ең төмен көрсеткіштерге ие болған. Сонымен қатар, олар көлікті басқару кезінде қырағылық танытпай, көп жағдайда ашуға булығып, жол жүру ережелерін жиі бұзып отырған.

ДереккөзInform.kz