Қанатбек Жайсаңбаев президент көмекшісі болып тағайындалды

Бұл туралы Ақорда сайты хабарлады.

Қанатбек Бақытұлы Жайсаңбаев Қазақстан Республикасы президентінің көмекшісі – Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігінің өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасы президентінің әкімшілігі мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің меңгерушісі лауазымынан босатылсын, — делінген жарлықта.

Мемлекет басшысының өкімі бойынша, Ғабидулла Оспанқұлов Қазақстан Республикасы президентінің әкімшілігі мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды.

Қанатбек Жайсаңбаев 1980 жылы Қызылордада дүниеге келген.

2010-2016 жылы Қызылорда облысы әкімі аппаратының басшысы, кейін президент әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы болып жұмыс істеді. Сонымен қатар бұған дейін президент әкімшілігінің ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметін атқарған.

Қанатбек Жайсаңбаев 2021 жылы сәуірде президент әкімшілігі бөлімінің меңгерушісі болған.