Енді екі клуб осы трансферлік терезеде үлгеріп жаңа футболшыларды қатарларына қосып алулары керек. Ал алдағы жаздан бастап 2017 жылдың қысқы трансферлік маусымына дейін қос команда үшін «сауда-саттық» жасауға тыйым салынды.
Мұндай қорытынды екі клубтың былтырғы жылы кәмілетке толмаған футболшылармен келісімге келулері себепті шығарылып отыр.
Сондай-ақ, «Реал» 900 мың швейцар франкын, ал «Атлетико» 360 мың франк төлеуге тиісті. Қос ұжымға жағдайды реттеп алу үшін 90 күн уақыт беріліп отыр.
Ертеректе, осындай тыйым «Барселонаға» да салынған болатын. Католондық клуб та 2015 жылдың қаңтарынан бастап екі трансферлік кезеңде құрамын жаңарта алмайды.