55 үкіметтік емес ұйым мемлекеттен ақшалай сыйлық алды

ҮЕҰ-ға арналған марапат – республикалық, салалық және өңірлік деңгейде әлеуметтік мәселелерді шешуге қосқан үлесі үшін бюджет қаражаты есебінен берілетін ақшалай сыйлық. Бүгінге дейін 287 үкіметтік емес ұйым алған.

2022 жылғы конкурс төмендегі бағыттар бойынша өткізілді:

  • Білім, ғылым, ақпарат, дене шынықтыру және спорт саласындағы мақсаттарға жету;
  • Азаматтардың денсаулығын сақтау, салауатты өмір салтын насихаттау;
  • Қоршаған ортаны қорғау;
  • Жастар саясаты мен балалар бастамаларын қолдау;
  • Отбасылық, демографиялық және гендерлік мәселелерді шешуге үлес қосу;
  • Халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау;
  • Жетім, толық емес және көп балалы отбасылардан шыққан балаларға көмек;
  • Халықты жұмыспен қамтамасыз етуге жәрдемдесу;
  • Азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, заңды мүдделерін қорғау;
  • Мәдениет пен өнердің дамуы;
  • Тарихи-мәдени мұраны қорғау;
  • Қоғамдық келісім мен ұлттық бірлікті нығайту;
  • Пробация қызметіне олардың есебінде тұрған адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетуге жәрдемдесу;
  • Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізу;
  • Азаматтық қоғамды дамытуға, оның ішінде үкіметтік емес ұйымдар қызметінің тиімділігін арттыруға жәрдемдесу.
Фото: Қазақстандық қоғамдық даму институты

Биылғы байқауға еліміздің барлық өңірі, республикалық маңызы бар қалалары мен астанадан 213 үкіметтік емес ұйым қатысқан. Солардың ішінен 189 өтініш іріктеліп, 55 ұйым жеңімпаз атанды.

«Үкіметтік емес ұйымдарды қаржылай қолдау тетіктерін жетілдіру бойынша заң қабылданды. Заң аясында қоғаммен жұмыс істейтін жаңа мемлекеттік қолдау тетігі – стратегиялық әріптестік енгізілді. Ауылдық жерлердегі азаматтық бастамаларды қолдау тетігі әзірленді. Гранттық қаржыландыру жүйесін ауылдық қоғамдық ұйымдардың сұранысына бейімдеп, жеңілдетілген режим ұсынылды. «Қоғамдық бақылау туралы» заң жобасы әзірленді», — деді ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі.

Шараны ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Қазақстандық қоғамдық даму институты» КеАҚ ұйымдастырды.