Петропавлда тағы құбыр жарылды: тұрғындар сусыз қалды

Мұқанов көшесінің қиылысына жақын Жұмабаев көшесінде диаметрі 800 миллиметр су құбыры жарылған.

Қазіргі уақытта авариялық учаскені оқшауланып жатыр. Шамамен 15 үй, бір аурухана, нан комбинаты, бейімдеу орталығы және заңгерлік фирма сусыз қалды. Біз апатты жоямыз, қазіргі уақытта қаладағы қысым төмендеді, учаске толығымен оқшауланғаннан кейін бір жарым сағат ішінде қысымды қалпына келтіреміз, — деп түсіндірді ол.

Кәсіпорынның бас инженері орынбасарының айтуынша, апатты жоюға қанша уақыт кететіні тек жарылыс аумағын анықтаған соң белгілі болады.

Құбырдың жарылған жерін табу керек. Қандай мөлшерде жөндеу жасалады, қанша уақытты алатыны сонда ғана белгілі болады, — деп қорытындылады Набиев.