Елдегі энергия нысандары қауіптілігіне қарай топтарға бөлінеді

Бұл туралы Ақорда сайты хабарлады.

Азаматтарды жылумен үздіксіз қамтамасыз ету бойынша жедел және жүйелі шаралар қарастырылды.

Отырыс қорытындысы бойынша келесі тапсырмалар берілді:

— үш күн ішінде барлық энергетикалық объектілерді кешенді, оның ішінде техникалық жай-күйіне сәйкес тәуекел топтары бойынша санаттарға жіктеу. Апатты жағдайдағы ЖЭО және жылу желілері үшін меншік иелері, әкімдіктер және министрліктер арасында бірінші кезектегі іс-шаралар жоспары дайындалады;

— өңірлердегі жылумен және электрмен жабдықтау объектілерінің нақты дайындығын тексеру үшін жедел топтар құру;

— қаржы министрлігі мен қаржы мониторингі агенттігі әрбір заңды тұлға бойынша тарифтік сметаларға және инвестициялық бағдарламаларға талдау жүргізсін, капиталды шығарудың ықтималдығы бойынша операцияларды тексерсін;

— жылумен және электрмен жабдықтау объектілері иелерінің жауапкершілігін арттыру мақсатында уәкілетті мемлекеттік органдардың бақылау-қадағалау функцияларын күшейту мақсатында салалық заңдарға және заңға байланысты актілерге өзгерістер мен толықтырулар әзірлеу.