Тоқаев Павлодар облысының әкімін қызметінен босатты

Әбілқайыр Бақтыбайұлы Сқақов Павлодар облысының әкімі лауазымынан босатылсын, — делінген Ақорда жариялаған жарлықта.

Президенттің жарлығымен Олег Павлович Крук Павлодар облысы әкімінің міндетін уақытша атқарушы болып тағайындалды.

Олег Крук бұған дейін Сқақовтың бірінші орынбасары болған.

Әбілқайыр Сқақов Павлодар облысын 2020 жылдың қаңтарынан бері басқарды.

Еске салайық, 27 қарашаға қараған түні Павлодар облысының Екібастұз қаласы 30 градус аязда жылусыз және ыстық сусыз қалды. Қалада жергілікті ауқымда техногендік сипаттағы ТЖ режимі жарияланды.