Министр балабақшада тегін тамақ кімдерге берілетінін айтты

Қазіргі уақытта бізде балабақша кезегіне тұрмаған бірнеше жүз мың бала бар. Олар неге кезекке тұрмайды? Кезекке тұрмағаннан кейін, балабақшаға бармайды деген сөз. Бізде балабақшалар негізі ақысыз. Бірақ тамаққа ата-аналар өздері төлейді. Оның сомасы әртүрлі. Біздің қиын жағдайдағы, аз қамтылған отбасылар осы қаражатты таба алмайтынын, балабақшада балалалары тамақтанатын ақша жоқ екенін айтып, кезекке де қоймай отыр. Соған байланысты ол балалардың мектепке дайындық, денсаулық, жақсы тамақтану мәселелеріне үлкен кері әсерін тигізіп отыр, — деді министр.

Министрдің айтуынша, бұл бастама мемлекет басшысының сайлауалды бағдарламасы аясныда қолға алынады.

Сәйкесінше осындай отбасылар анықталып, сол балаларға мемлекеттік бюджеттен арнайы қаражат беріліп, тамақтану мәселесі де оларға тегін болады. Сонда бізде бірнеше жүз мың бала балабақшаларға барып, жақсы тамақтанып, денсаулығына да, оқу үлгеріміне де өте тиімді болады, — деді Асхат Аймағамбетов.