Абай облысындағы барлық жолдар ашылды

Әкімдіктің мәліметінше, сағат 8:00-ден бастап ауа райының жақсаруына байланысты облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының барлық учаскелері бойынша жеңіл автокөліктер, тіркемесі мен жартылай тіркемесі бар жүк көліктері, жолаушылар автобустары үшін қозғалыс ашылды.

Абай облысының республикалық және халықаралық маңызы бар автожолдарының барлық учаскелері бойынша дизельді қозғалтқыштары бар автокөліктер және жолаушылар автокөліктері үшін қозғалыс шектеуі алынды, — делінген хабарламада.

Айта кетейік, кеше аймақта ауа райының қолайсыздығына байланысты жолдар жабылған болатын.