Облыс аумағындағы су тасқынының алдын алу мақсатында өңір әкімі Дархан Сатыбалды, оның бірінші орынбасары Арман Жетпісбай және төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, полковник Нұрғали Жүнісов Сауран, Төлеби, Түлкібас аудандарында орналасқан су қоймалар мен таудағы қар қоры, мұздақ көлдердің қазіргі жағдайын қарап, тікұшақпен аэровизуал шолу жасады.
Мамандар су қоймаларының жай-күйін зерделеді. Тексеру нәтижелері бойынша облыстағы су қоймалардан келер қауіп жоқ екені анықталды.
Өңір басшысы су көзі тұрақты жағдайда болса да, қауіпсіздікті сақтау бағытындағы жұмыстар тоқтамауға тиіс екенін айтып, жауапты азаматтарға тиісті тапсырмалар берді.