Тоқаев Украина төңірегіндегі жанжалды шешудің бейбіт жолдарын іздеуге шақырды

Қасым-Жомарт Тоқаев Украина мәселесінде бейбітшілік формуласын бірлесе қарастыратын уақыт келді деп ойлайтынын жеткізді.

Кез келген соғыс бейбіт келіссөзбен аяқталады. Бітімге келудің кез келген мүмкіндігін пайдалану керек. Ондаған, жүздеген жылдарға созылатын өкпе-реніштен бауырлас орыс және украин халықтары арасының алшақтауына жол бермеу керек, — деді президент Қасым-Жомарт Тоқаев.