Президент сайлауының ресми қорытындысы жарияланды

Кеше біз президент сайлауының алдын ала қорытындысын жарияладық. Енді барлық шешім негізінде біз 20 қарашада өткен президенттің кезектен тыс сайлауын қорытындылай аламыз. Жалпы 8 300 046 адам сайлауға қатысты, бұл жалпы сайлаушылардың 69,44%, — деді ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіров.

Дауыс беру қорытындысы бойынша кандидаттар:

  • Қарақат Әбден — 206 206 дауыс немесе 2,6%;
  • Нұрлан Әуесбаев — 176 116 дауыс немесе 2,22%;
  • Жигули Дайрабаев — 271 641 дауыс немесе 3,42%;
  • Мейрам Қажыкен — 200 907 дауыс немесе 2,53%;
  • Қасым-Жомарт Тоқаев — 6 456 392 дауыс немесе 81,31%;
  • Салтанат Тұрсынбекова — 168 731 дауыс немесе 2,12% дауыс.

«Бәріне қарсымын» бағанын 460 484 немесе 5,8% сайлаушы таңдаған.

Осылайша, сайлаудың кеше жарияланған алдын ала қорытындылары ресми келіп түскен хаттамалармен расталды. Қазақстандығы сайлау туралы конституцилық заңның 9-бабы 1-тармағына, 65-бабына сәйкес, дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың 50% астамының дауысын алған кандидат республика президенті болып саналады. Осылайша, 2022 жылғы 20 қарашадағы кезектен тыс сайлауда Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев ҚР президенті болып сайланды, — деді Нұрлан Әбдіров.

ОСК мүшелері сайлау қорытындысымен хаттамаға қол қойды.