Алматыда «Медеу» мұз айдынындағы автотұрақ уақытша тегін болады

Бұл туралы «Шымбұлақ» тау курортының баспасөз қызметі хабарлады.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, 22 қараша мен 5 желтоқсан аралығында паркингіде ескі жабдықтарды заманауи жабдықтарға ауыстыру жұмыстары жоспар бойынша жүргізіліп жатыр. Осыған байланысты қазіргі уақытта паркинг аумағында тұрақ ақысы алынбайды.

2022 жылдың 5 желтоқсанынан бастап жабдықтар ауысқан соң, тұрақтың құны өзгерместен паркинг өз жұмысын штаттық режимде қайта бастайды, — делінген хабарламада.

Еске салайық, «Медеу» маңындағы тұрақ 2021 жылы көктемде ақылы болған еді. Бағасы — сағатына 100 теңге.