Bereke Bank (бұрынғы Сбербанк) жарты жылға «Шағын бизнеске комиссиясыз берілетін несиелер!» акциясын іске қосып, қарыздар бойынша комиссияларды нөлге теңестірді.
ШМБ үшін несие рәсімдеген кезде, сонымен бірге алдағы уақытта оған қызмет көрсеткені үшін комиссия алынбайды.
Bereke Bank заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер үшін әртүрлі қажеттілік пен мақсатқа бірқатар несиелеу бағдарламасын ұсынады. Кәсіпкерлер тұрғылықты жері мен қызмет саласына қарамастан, өзіне қолайлы бағдарламаны таңдай алады, ол бойынша банктің жиынтық комиссиясы 0 теңге болады.
«Bereke Bank қазақстандық бизнестің дамуына үлес қосып келеді, біз мемлекеттік жеңілдетілген бағдарламалардың, сонымен бірге өзіміздің бірқатар жеке бағдарламамыздың аясында да қаржыландырамыз. Дүниежүзінде болып жатқан жағдайлардың әсері бизнеске де тигені анық, бұрыннан кәсібі бар кәсіпкерлерге, жаңа кәсіпті бастауды көздеп жүргендерге қосымша қолдау көрсету – біз үшін маңызды. Шағын бизнесі бар клиенттер жақын арадағы жарты жылда несие рәсімдегені және оған қызмет көрсеткені үшін алынатын банк комиссияларынан босатылады», — деді Bereke Bank АҚ басқарма төрағасы Андрей Тимченко.
Бүгінде Bereke Bank-те шағын бизнес өкілдеріне арналған бірқатар жеке қаржыландыру бағдарламасы бар, оларға айналымдағы қаржыны толтыруға берілетін қарыздар, бизнес-ипотека, көлік және арнайы техника сатып алуға берілетін несие, овердрафт Start up және тағы басқасы кіреді. Әр бағдарлама бойынша шарттар мен мөлшерлемелер жайлы нақтырақ білу үшін Bereke Bank-ке жүгіну қажет.
Несие рәсімдеуге өтінішті Bereke Bank-тің барлық филиалында беруге болады. Қосымша ақпарат алу үшін заңды тұлғаларға арналған байланыс орталығына 7744 нөміріне хабарласуға болады.
Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 20.09.22ж. берген № 1.2.199/93/31 лицензия