Доллар түсті, азық-түлік неге арзандамайды?

Министр экономист ретінде тауардың бағасы доллар бағамына тәуелді емес екенін айтты.

«Біздің өз экономикамыз бар, тауарды өзіміз шығарамыз. Олардың өзіндік құны теңгемен бағаланады. Сондықтан долларға байланғанды қою керек. Бәрін доллармен есептегенді де тыю керек. Ол заңда да бар. Біз АҚШ-та емес, Қазақстанда өмір сүріп жатырмыз. Түсінемін, бізде импортқа тәуелділік әлі де бар. Алайда валютаның бағамына қатты тәуелді емес. Бұл тәуелділік күннен-күнге азая түседі деген үміттемін. Себебі біз өзіміздің өндірісімізді дамытып жатырмыз. Сонда тауардың құнына ешбір валюта бағамы әсер ете алмайды», — деді Тимур Сүлейменов.

Ал, «Доллар көтерілген кезде тауардың бағасы неге өсіп кетті?» деген сауалға Сүлейменов бұл экономика министріне қойылатын сауал емес екенін айтты. Ол бизнеске, біздің тұтынушылық қабілетімізге байланысты екенін алға тартты.

«Базалық экономикалық теория бойынша, тауар сатып алушы ұсына алатын ақшамен бағаланады. Яғни сіз оны қанша теңгеге сатып алуға дайын болсаңыз, оны сізге соншаға сатады. Біздің нарық сондай», — деді Ұлттық экономика министрі.

Айта кетейік, таңғы KASE бойынша, 1 доллар — 311,81 теңге болып тұр.

ДереккөзTengrinews.kz