Димаш Құдайберген жетінші кезеңде үшінші орын алды

Димаш жетінші кезеңде қазақтың «Дайдидау» әнін орындап, көрерменнің ықыласына бөленді. Алайда, бірінші орын бұйырмады. Оны гонконгтық Sandy алды. Ал екінші орын Ли Цзянь есімді қатысушыға лайық деп табылды.

Димашқа финалға шығу үшін әлі үш кезең бойы алғашқы үштікті ұстап тұруы керек. Себебі оныншы кезеңнен соң жеті әншіден тек төртеуі ғана байқауды жалғастырады.

Айта кетейік, «Singer 2017» байқауының алтыншы кезеңі эфирден 25 ақпан күні көрсетіледі.

ДереккөзInform.kz