Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Ыстамбұлдағы жарылыстан 6 адам қаза болып, тағы 53 адам зардап шеккенін мәлімдеді. Сағат 16.20-да болған жарылыстан кейін ауданға бірнеше жедел жәрдем қызметі және өрт сөндірушілер келген.
Аудан қоршауға алынды. Азаматтарға ауданға кіруге тыйым салынды. Жарылыс себебі әзірге белгісіз. Бастапқыда кейбір БАҚ-тар 11 адам зардап шеккенін хабарлады.
Ыстамбұлдағы ҚР бас консулдығы жарылыс құрбандары арасында Қазақстан азаматтарының бар-жоғы туралы ақпаратты анықтау үшін Түркияның құзыретті органдары мен қала мэриясымен байланыста.
Түрік полициясы Ыстамбұлдың Истикляль көшесінде бомба қалдыруы мүмкін адамды ұстады.
Түркия ішкі істер министрлігінің басшысы Сүлейман Сойлудың айтуынша, күдіктіні қаланың полиция басқармасының қызметкерлері ұсталғанын мәлімдеді.
Сонымен қатар Сойлу билікте Түркияда террористік ұйым ретінде танылған Күрдістан жұмысшы партиясының өкілдерінің шабуылға қатысқаны туралы дәлелдер бар екенін де жеткізді.