Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Риддер жылу электр орталығындағы қазандықтар іске қосылды

Фото: instagram.com/danial.akhmetov.official

Облыс әкімдігінің мәліметінше, Риддердегі төтенше жағдайдың салдарын жою жөніндегі жедел штабты ШҚО әкімі Даниал Ахметов басқарып отыр. Қазір жылу электр орталығындағы бірнеше қазандық іске қосылды.

Кеше түске қарай 3 қазандық іске қосылып, жүйеде температура 57 градусқа дейін көтерілді. Ал сағат 21:00-де жоғары қысымды қазандық жағылды. Ендігі міндет — №4 қазандықты жөндеу. Ол үшін барлық қажетті жұмыстарды жүргізудеміз, — дейді Даниал Ахметов.

Еске салсақ, 5 қараша күні сағат 20.00-де аталған орталықтағы күл шығару жүйесіндегі сорғы істен шығып, №1 қазандық агрегатының қосалқы жабдығы апатты жағдайда ажыратылған болатын. Соның салдарынан 22 мыңнан астам абонент үшін жылу беру азайтылды.

Мақалаға реакция