Apple компаниясы қытайлық әлеуметтік желіні жапқызып тастады

Жақында Купертино бағдарламалаушылары iCloud.net доменін алған еді. Енді сайтта әлеуметтік желінің тек ақпан айының соңына дейін істейтіні жазылған ескерту тұр. Сайттың бұрынғы иелері қолданушыларға аккаунттарын өздері өшіруін сұрайды, себебі ақпан айының соңында барлығы автоматты түрде өшіріледі екен.

Бұл турады қытайлық желінің басшысы Тонг Ли былай дейді:

«Иә, біз iCloud.net-ті жауып, қызметімізді тоқтатамыз. 2011 жылы басталған өз міндетін атқарды, енді демалысқа кетеміз».

Айта кетейік, Apple компаниясы 2011 жылы Xcerion компаниясынан құны 5,2 млн. болатын iCloud.com доменін де сатып алған еді.

ДереккөзLife.ru